Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты еліміздің оңтүстік-батысында мен солтүстік-батысында жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, шығысында нөсер жаңбыр жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Тек батыс өңірде ауқымды антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жел күшейеді.
Солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында тұман, шығысында және еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда – бұршақ жаууы ықтимал.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында найзағай жарқылдап, бұршақ түсуі ықтимал. Желдің жылдамдығы15-20 м/с жетеді деп күтіледі.