ШҚО-да бұршақ жаууы күтіледі

636
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады, елдің оңтүстігі мен шығысында бұршақ жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының солтүстігінде, батысында, шығысында-тұман түсіп, желдің ылдамдығы секундына 15-25 метрге дейін күшейеді.

Павлодар, Қарағанды облыстарының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады деп болжануда.

Синоптиктер болжамынша, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында және орталығында бұршақ жауып, найзағай ойнайды, желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с жетеді.