ШҚО-да бұршақ жаууы күтіледі

470
көрілім
Шартты фотосурет

Екатеринбург ауданынан келген циклонның ықпалымен республиканың батыс, солтүстік-батыс, солтүстік, оңтүстік аудандарында күн құбылмалы болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Қостанай облысының солтүстік жартысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстік-батысында найзағай ойнап, кей аудандарында бұршақ жаууы ықтимал. Шаңды дауыл тұрады, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 мтерге, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 25 м/с-ке дейін күшейеді.