ШҚО-да бұршақ жаууы күтіледі

452
көрілім
Шартты фотосурет

Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік-батыста, солтүстікте шаңды дауыл тұрады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Қостанай облысының солтүстігінде, батысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде өңірдің солтүстігінде, батысында, күндіз басым бөлігінде жел 25 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында дауыл соғып, бұршақ жаууы болжанады.
Өңірдің солтүстігінде, шығысында желдің күші 25 м/с артады. Ақмола облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ, шаңды дауыл күтіледі.