Қыркүйектің 4-і күні еліміздің солтүстігінде, солтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, республиканың кей жерлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Шығыста нөсерлетеді. Қазгидромет болжамы бойынша елдің қалған аумағында күн жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, дауыл тұрады, оңтүстікте шаңды дауыл, солтүстікте және орталықта тұман түседі. Кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал.
Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл тұрып, жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. ШҚО-ның кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 25 метрге дейін жетуі мүмкін. Бұршақ жаууы күтіледі.