Республиканың қалған аймақтары жоғары атмосфералық қысым алқабында болғандықтан ауа райы көбінесе жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстік пен солтүстік аймақтарда тұман түсіп, оңтүстік батыста – шаңды дауыл күтіледі, шығыста бұршақ жаууы ықтимал.
Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Атырау, Павлодар, күндіз Ақмола, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз ШҚО-да бұршақ жаууы ықтимал.
shkoda_burshak_zhauuy_kutiledi_3
59