Бүгін республиканың солтүстік-батысы мен шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Бірқатар аймақтарда найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ жауып, түнде солтүстік пен шығыста кей жерлерде нөсер жауын жауады деп болжануда.
Ал республиканың батыс бөлігінде антициклон мен жылы ауа массаларының әсерінен күн ашық әрі аптап ыстық болады.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз бұршақ, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.
Синоптиктер болжамынша, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жауып, дауыл тұрады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.