ШҚО-да бұршақ жаууы күтіледі

674
көрілім
Шартты фотосурет

Республиканың басым бөлігінде ауа ағындарының әсерінен құбылмалы ауа райы сақталады. Солтүстік-батыста, солтүстікте және шығыста нөсер жаңбыр жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Тек ел өңірінің батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл тұрып, желдің күшеюі ықтимал.

Түнде Қостанай облысының кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді деп болжануда.

Синоптиктер Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с жетіп, бірқатар аудандарында найзағай ойнап, дауыл тұрып, бұршақ жауады деп болжауда.