ШҚО-да бұршақ жаууы мүмкін

396
көрілім
Шартты фотосурет

Еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыздығы сақталады. Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен кей жерлерде жаңбыр жауып, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтардына күшті болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктер болжамынша, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде қар қылаулап, бұршақ жаууы мүмкін, түнде жел екпіні 25 м/с, күндіз 23-28 м/с күшейеді деп күтілуде. Қостанай облысында кей жерлерде тұман түсіп, түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, 23-28 м/с дейін күшейеді.

ШҚО-ның кей өңірлерінде дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін, жел екпіні 25 м/с күшеюі ықтимал. Ақмола және Қарағанды облыстарында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.