«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпаратынша, ертең түнде облыстың солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде нөсер жауын күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Дәл осындай жағдай күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында жалғасуы мүмкін. Сондай-ақ найзағай, бұршақ пен дауыл болуы ықтимал. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жететін жел соғады.
Өскеменде найзағай ойнап, жылдамдығы 15-18 м/с болатын жел күтілуде.
Төтенше жағдай кезінде "112" нөміріне хабарласыңыз.
shkoda_burshak_zhauuy_mumkin_
59