ШҚО-да бұршақ жаууы мүмкін

581
көрілім
Шартты фотосурет

Синоптиктердің болжауынша, бүгін кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Мамандар еліміздің солтүстік аймағында, орталықта және шығыста  нөсер жауып, дауыл соғуы мүмкін деп болжауда.
Тек еліміздің оңтүстік-батысында күн райы ашық болады. Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстіктің кей жеріне шаңды дауыл соғуы ықтимал.
ШҚО-ның кей жерлерінде дауыл соғуы ықтимал, жел екпіні 15-20 м/с күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.