«Қазгидромет» РМК ШҚО бойынша филиалының ақпаратынша, 6 тамыз күні облыстың батысында, солтүстігі мен шығысында найзағай мен бұршақ болуы ықтимал, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, облыстың батысында, солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с жететін жел болады.
Сондай-ақ өңірдің орталығы мен оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Төтенше жағдай кезінде «112» нөміріне хабарласыңыз.