ШҚО-да бұрынғы жемқорларды жұмысқа қабылдауға тиым салынады

1079
көрілім

Бұл туралы ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Ерлан Жалмағамбет аталған өзгертулерді баяндау барысында айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ерлан Нағашбайұлы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне енгізілген өзгертулерге сәйкес бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдағаны үшін мемлекеттік органның немесе ұлттық компанияның басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін екендігін мәлімдеді.
Тағы бір айта кетерлігі, бұрын сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағандарды жұмысқа қабылдағаны үшін мемлекеттік орган мен ұлттық компанияның басшысы өз қалтасынан 100 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.
– Бұл жерде маңызды мәселе – сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа орналастыруға тыйым салу туралы талап бұған дейін тек мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік сектордың басшы лауазымдарына қатысты болғанын атап өткім келеді. Биыл жыл басынан бастап күшіне енген Еңбек кодексіне енгізілген түзетулерге сәйкес сыбайлас жемқорлық үшін сотталған адамдарды кез келген квазимемлекеттік сектор лауазымына қабылдауға толық тыйым салынды, – деді Ерлан Жалмағамбет.