Өңірімізде суқұзғын саны тым көбейіп кеткен. Осы орайда билік басындағылар бірқатар шараны қолға алып, жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысында суқұзғын саны шектен тыс көбейіп кеткен. Жуықта ШҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқарма басшысының орынбасары Арман Есентаевтан осы мәселе бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйін айтып берді.
– 2014 жылдан бастап суқұзғын санын реттеу бойынша шаралар жүргізілуде. Облыс атынан парламентке заңнамаға өзгерістер енгізу туралы ұсыныс жасалған. Келесі жылдан бастап аңшылар суқұзғынды рұқсат қағазын алмай-ақ көзін жоятын болады, - деді ол.