Облыс аумағында көктемгі дала жұмыстарына байланысты дайындық басталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өскеменде осыған қатысты жиын өтіп, жауапты тұлғалар биыл егіс алқаптарын әртараптандыру бағдарлама шеңберінде ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік көлемі 645,1 гектарды құрағанын жеткізді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,7 мың гектарға артық.
Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ажар Қаджыбекованың айтуынша, Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы жалпы өнімнің көлемін 2024-2028 жылдары 2 есеге арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.
- Жол картасына сәйкес облыс аумағында биыл дәнді дақылдар өндірісін 4,2 мың гектар алқапқа қысқарту көзделсе, майлы дақылдар егістігін 6,8 мың гектарға және жемшөп дақылдарын 3,2 мың гектарға арттыру жоспарланды. Ал техника мен дизель отыны жеткілікті. Егіс және топырақ өңдеу техникасының дайындығы 96% құрайды. Бұнымен қоса дала жұмыстарын жүргізуге облыстан жеңілдетілген бағамен 14 мың тонна дизель отыны бөлінді, - деді жауапты тұлға.
Ажар Қаджыбекова 1 литр дизель отынының бағасы 250 теңгеден аспайтынын айтты. Сонымен қатар биылғы егіс науқанына 71,8 мың тонна тұқым дайындалды.
- Оның ішінде, 60 мың тонна дәнді дақылдар, 3 мың тонна майлы дақылдар, 0,8 мың тонна жемшөп дақылдары және 8 мың тонна картоп тұқымы бар. Қазіргі уақытта олар толықтай тексеріліп, 99,6%-ға жарамды деп танылды, - деді маман.
Нұрдәулет ҚАЛИБЕКОВ