«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 04 шілдеде облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр бұршақ, дауыл, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыс орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с. құрайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- найзағайды үйде күткен жөн, бұл ретте терезені, есіктерді, түтіндіктерді жабыңыз,электр құрылғыларын қуат көздерінен ажыратыңыз және пайдаланбаңыз;
- металл қоршаулардың, төбелердің немесе басқа электр өткізгіштердің жанында тұрмаңыз
- ұялы байланыс телефонымен сөйлесу ұсынылмайды
- желдің екпіні кезінде сымдар мен тербелетін заттарға жақындамаңыз, автобус аялдамаларының артына, ағаштардың астына тығылмаңыз.
Төтенше жағдай кезінде "112" нөміріне хабарласыңыз.