«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша алдағы күндері су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ресми ақпаратқа сәйкес күндізгі ауа температурасының жоғарлауына байланысты 17-18 наурызда облыс аумағында қардың қарқынды еруінің жалғасуы, еріген қар суы мен бүйірлік ағындардың қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі. Сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
ШҚО ТЖД азаматтарға мынандай кеңес береді:
- арықтар мен бұлақтардың арналарын тазалау және бітеп тастамау, өйткені бұл судың кептелуіне әкеледі
- үй аумағын (қап, топырақ, құм, саз) үймелеу үшін қолда бар материалды дайындау.
Төтенше жағдай кезінде «112» телефоны бойынша хабарласыңыз.