ШҚО-да дәріханаларға мониторинг жүргізу жалғасуда

363
көрілім

«Nur Otan» партиясының Көкпекті аудандық филиалының қызметкерлері және партиялық бақылау комиссиясы мүшелері дәріханаларға мониторинг жүргізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Партиялық бақылау комиссиясы төраймы Наурызбаева Р.А және аудандық филиал қызметкерлері ыстықты түсіретін және вирустарға қарсы дәрі-дәрмектердің дәріханаларда бар-жоғына мұқият мән беріп, қай жерде кемшін тұсы бар екендігін айрықша қадағалады.

Рейд барысында дәрілердің орташа бағаларына баса назар аударылды. Мониторинг дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесінің өз шешімін тауып келе жатқандығын көрсетті.