ШҚО-да дәріханаларға рейд жүргізу жалғасуда

1722
көрілім

Бүгін «Nur Otan» партиясының Күршім аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясы 8 дәріханаға рейд жүргізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Рейдтік тексеріске партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ш.М.,Тойбаев аудандық партия филиалының кеңесшісі Ш.Е., Еркінбек кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің іс жүргізу маманы Ж.Е.Исимбаева қатысқандығын айта кетейік. Шара барысында індет кезінде аса қажет саналатын 47 дәрі қорына және бағасына мониторинг жүргізілді. Белгілі болғандай, дәріхана иелеріне қажетті дәрілерді қайдан алуларына болатыны айтылып, оның бағасын тұрақты ұстаулары сұралды. Соңғы апталарда ыстық түсіретін және вирусқа қарсы дәрілерге сұраныс көбейіп, тұрғындармен сақтық мақсатында дәрілерді көптеп сатып алу байқалады.

Жұмыс тобының рейдтік қорытындысы бойынша аталған дәрілердің бір қолға сатылатын мөлшеріне шектеме қою және бағаны тұрақты ұстау туралы дәріхана иелеріне ұсыныс айтылды.