ШҚО-да «Дипломмен – ауылға» бағдарламасымен 350 маман елдімекендерге жіберілмек

201
көрілім

Облыстық жастар ресурстық орталықтарының директорлары мен жастар ұйымдары басшыларының қатысуымен өткен жиында ауыл тақырыбы алғашқылардың бірі болып көтерілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыс әкімі аппаратының басшысы Ербол Нұрғалиев алдымен жастар үшін тиімді бірнеше бағдарламаға тоқталды. Соның біріншісі - «Жасыл ел» бағдарламасы. Аппарат басшысының сөзінше, осы бағытта өңірде жақсы жұмыстар атқарылып жатыр.

- Тек жұмыспен қамтылып қана қоймай, болашақ кәсіпкерлерді түлетіп ұшыруда. Жыл сайын біз 1000-ға тарта студентті жұмыспен қамтимыз. Осы бойынша жастар ресурстық орталықтары да белсенділік танытқандары жөн. Өзім жас маман болып келгенде бізден кейінгі буынмен етене жұмыс істеп, оларды қатарымызға шақырып жүрдік, - деді Ербол Жолдасбекұлы.

Бұдан кейінгісі - «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы. Биыл 350 маманды ауылдарға жіберу жоспарда бар көрінеді.

Анықталғандай, жыл сайын осыған миллиардтар бөлініп, елдімекендердің тіршілігі тұраламас үшін кешенді жоспарлар қабылдануда.