Шемонаиха ауданында азық-түлік дүкенінде өрт шықты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 19 наурызда Шемонаиха қаласындағы Лермонтов көшесінде орналасқан жеке тұрған бірқабатты азық-түлік дүкенінде өрт болды.
«Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті. Белгілі болғандай, қызыл жалын дүкен ішіндегі тоңазытқыштан шыққан. Зардап шеккен ешкім жоқ. Көп ұзамай өрттің сауда нүктесінің барлық аумағына таралуына жол берілмей, толықтай ауыздықталды», - делінген ақпаратта.
Тілсіз жауды сөндіруге жеке құрамнан 5 адам мен 2 техника жұмылдырылды. Алдын ала дерек бойынша оттың шығуына – электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамау себеп болған.