ШҚО-да Дүниежүзілік донорлар күні аталып өтті

154
көрілім
Фото сурет автордікі

Өскемендегі қан орталығында 14 маусым - Дүниежүзілік донорлар күні аталып өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.


Облыстық қан орталығына өзгенің өмірін сақтап қалуға ат салысқан донорларды құрметтеуге арналған шаралар жыл сайын өтіп келеді. Биыл да сол дәстүр жалғасын тапты. Таңертеңнен бастап бірінші қабатта сазды әуен ойнап, орталық қызметкерлері «Қан тамшысы» болып киінген аниматормен бірге донорларды мерекелік көңіл-күймен қарсы алды.


Облыстық қан орталығының маманы Мира Ақылбекованың сөзінше, донорлар күні жылда аталып өтіледі.
- Өзгеге өмір сыйлайтын донорларымызға мереке қарсаңында өз орталығымыздағы қызметкерлермен бірлесіп ризашылықтарымызды білдірдік. Салтанатты жиында «Донор - өмір сыйлаушы!» атты балалар байқауының жеңімпаздарына дипломдар табыс етілді. Бұдан бөлек  үнемі қан тапсырған донорларға «Ең белсенді донор 24/7», «Жедел әрекет ететін  донор», «Тромбоциттердің ең белсенді доноры» және «Донорлық әулет» номинациялары бойынша мадақтамалар берілді. Дүниежүзілік қан доноры күніне арналған мерекені өткізуге  белсенді ат салысқан біздің серіктестеріміз қан орталығы басшылығының Алғыс хаттарымен марапатталды, - деді ол.