ШҚО-да екі бөлек колонияда отырған ерлі-зайыпты онлайн кездесті

205
көрілім
Фото:rus.azattyq-ruhy.kz

Половинка ауылындағы ҚР ІІМ Қылмыстық іздестіру департаментінің №18 түзету мекемесінде сотталған азамат жұбайымен онлайн режимде қауыштыруды сұрап әкімшілікке жүгінген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Бұл біздің екі бөлек өткізіп отырған бірінші мерекеміз. Әйелімнің туған күні. Өмір ағымына байланысты осылай қарсы алдық. Екі ай бойы дайындалдым,- дейді ер адам.
Ерлі-зайыптыларға бейнеқоңырау арқылы бір-екі минут сөйлесуге рұқсат етілді.
- Бір-бірін жақсы көретіндері сезіліп тұр. Қоғамсыздырудың теріс әсерін азайтуға көмектесетін қолдауымызды ары қарай да көрсетуге әзірміз. Осындай өтініштер өте көп. Біз салауатты психологиялық ахуал мен отбасылық құндылықтарды нығайту бағытын жақтаймыз, - деді түзету мекемесінің бастығы Қуанышбек Ағысбаев.
Облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі ерлі-зайыптылардың неліктен темір тордың ар жағында отырғандарын нақтыламады.