Облыс әкімі Даниал Ахметов жаңа медициналық нысандар салу жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
- Биылғы жылы Алтай, Аягөз қалаларында екі кардиологиялық орталық ашуды жоспарлап отырмыз, - деді Даниал Ахметов ШҚО Қоғамдық кеңес алдындағы есеп беру кездесуінде. - Тек Өскемен, Семей қалаларының ғана емес, Үржар, Тарбағатай, Аягөз сынды шалғай аудандардың да тұрғындарына жоғары деңгейлі медициналық қызмет көрсетілуі тиіс.