Төтенше жағдайлар қызметі мамандарының айтуынша, оқыс оқиғалар салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер болған жоқ, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
- 14 ақпанда Isuzu маркалы жүк көлігінің жүргізушісі көліктің салмағына қатысты шектеуді бұзып «Қызыл ту» өткеліндегі мұзға түсіп кеткен, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. - Зардап шеккендер болған жоқ.
Дәл осындай тағы бір оқиға 15 ақпан күні Күршім ауданында орын алды. «УАЗ» маркалы автокөлік мұз астына түсіп кеткен.
- Адамдар көліктен түсіп үлгеріп, құтқарушылардан көмек сұраған. Бірақ біздің мамандар адам өміріне қауіп төнген сәтте ғана көмекке барады, - деп түсіндірді Төтенше жағдайлар департаментіндегілер.