Аймақ басшысы Ермек Көшербаев облыстық мәслихаттың кезектен тыс XV сессиясында Санкт-Петербург мемлекеттік орман техникалық және Астана медициналық университетімен ынтымақтастық орнатуды ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның айтуынша, бұл кадр тапшылығы мәселесін шешуге септігін тигізеді. Облыс әкімі ШҚО білім және денсаулық сақтау басқармаларына, Д.Серібаев атындағы ШҚТУ-дың жауапты тұлғаларына осы мәселені қарастыруды тапсырды.
- Аталған университеттердің филиалдарын ашу мен білім беру ісінде тәжірибе алмасу талапкерлердің басқа жаққа кетуін азайтып, өңірлік еңбек нарығындағы мамандар тапшылығын біртіндеп жояды, - деді Ермек Көшербаев.