ШҚО-да екі жаңа су электр станциясы салынуы мүмкін

262
көрілім

Қытайлық компания су электр станциялары құрылысына инвестор болуға ниетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының  тілшісі.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аймақ басшысы Ермек Көшербаев бастаған Шығыс Қазақстаннан барған делегация Қытайдың «China Huadian Corporation» өкілдерімен кездесті. Кәсіпорын электр энергиясын өндірумен, көмір өндірумен, ғылыммен және өнеркәсіппен де айналысады.
Аталған кәсіпорын өкілдері аймақта салынатын екі су электр станциясының құрылысына инвестиция құюға ниетті екендіктерін жеткізді. Қуаттылығы 51,4 МВТ болатын нысандарды, Катонқарағай мен Алтай аудандарына салу жоспарлануда.
— Келесі айда компания өкілдері біздің өңірге келіп, мәселені сол жерде зерттейді, - деп түсіндірді облыстық Кәсіпкерлік және инновациялық-индустриалды даму басқармасының басшысы Ардақ Мәдиев.
Айта кетейік, өңір бұған дейін Тұрғысын СЭС-1 құрылысы кезінде қытайлық серіктестермен бірлесе жұмыс атқарған.