ШҚО-да эко-акция ұйымдастырылды

439
көрілім

21 қазан күні «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанатының ШҚОФ белсенділері Қазақстанның тарихи мұрасын вандализмнен қорғау мақсатында эко-акция ұйымдастырды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Белсенділер Шығыстың киелі жері - Ақбауыр шатқалына барып, ауласын тазалап, акцияға белсенді атсалысты.

Ақбауыр үңгірі б.з.д. III–II мыңж. жататын жергілікті маңыздағы петроглифтердің өзегі болып саналады. Шамасы, ежелгі заманда ол осы маңайдағы киелі табыну орнының басты нысаны. Ескерткішті зерттеген мамандардың пікірінше – үңгірдегі суреттер ежелгі тұрғындардың эпос-аңыздық түсініктерінің көрінісі.

Ескерткіш өзінің тарихи-мәдени құндылығын толықтай сақтаған. Нысанның сақталу жағдайы байырғы кейіпіне кейінгі кезде жасалған зақымдарды ескере отырып қанағаттанарлық деп есептеледі. Қазіргі кезде ескерткіш аймағы қорғалып, бақылауға алынған.