ШҚО-да экология департаментінің басшысы ұсталды

210
көрілім
Фотосурет: Baribar.kz

«Қалбатау-Майқапшағай» республикалық маңызы бар автомобиль жолының учаскесін реконструкциялау кезінде аса ірі мөлшерде пара алу фактісі анықталған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Ресми ақпаратқа сүйенсек, жауапты тұлға жасырын іс-шаралар нәтижесінде қолға түсті. 
- Шілде айының 13-і күні бұрын келісілген 130 млн теңгенің 8,5 млн теңге сомасында параның бір бөлігін алғаннан кейін облыс бойынша экология департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы әшкереленді. Қаражат жоғарыда аталған автожолды қайта құру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жол-құрылыс компаниясы директорының орынбасары экологиялық заңнаманы бұзып, әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін берілді, - делінген экология департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ұзын-сонар сөйлемді.
Мәлім болғандай, лауазымды тұлға мен компания басшысы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда. 
Осы тұста сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кәсіпкерлерді барлық мәселелерін тек құқықтық негізде шешуге шақырады. 
- Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы мен Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі, - делінген мәліметте.