Басты міндет - жергілікті зауыттарда қолданылатын техниканы жаңарту болады, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында ШҚО әкімі Даниал Ахметов аймақтың экологиялық ахуалы туралы баяндады.
- Объективті түрде айтқанда, біздің зауыттарда қолданылатын техникалар заман талабына сай емес. Технологияны ауыстыруға бола ма? Болады! Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша осы мәселемен айналысатын боламыз, - деді Даниал Кенжетайұлы.
Аймақ басшысы сонымен қоса тиісті бағдарлама әзірленіп,бүгінде Экология министрлігінде сараптамадан өтіп жатқанын да тілге тиек етті.
- Соңғы 5 жылда экологиялық процестердің дамуына 27 миллиарад теңге қаржы бөлінді. Осы қаржының арқасында шығындар азайды, - деп сөзін қортындылады ШҚО әкімі. - Ал қатерлі ісік — біздің облыстың ғана мәселесі емес. Жаңағы айтқан қаржының басым бөлігі құрал-жабдықтар сатып алуға және медицина мамандарын даярлау мақсатына бөлінді.