ШҚО-да экс-шенеунікке тиесілі болған жер мемлекетке қайтарылды

434
көрілім

Бұл Өскемен қаласының және Бұқтырма су қоймасының жағалауындағы учаскелер.

Өткен жылы прокурорлық қадағалау  нәтижесінде кадастрлық құны 5,5 миллиард теңгені құрайтын, ауданы 36,9 мың гектарға жуық 533 учаскелік жер мемлекетке қайтарылды.
- Мысалы, экс-шенеунікке тиесілі болған Өскемен қаласындағы 4 учаске, Бұқтырма су қоймасының жағалауындағы жер 10 жыл бойы қолданылмады. Аталған учаскелер мемлекет меншігіне өтті. Оның нарықтағы бағасы 4,8 миллиард теңгені құрады, - деп хабарлады ШҚО Прокуратурасының баспасөз қызметі.

Валентина СЕЙІТҚАНОВА