ШҚО-да экстремистік бағыттағы әдебиеттерді таратқан шетелдіктер жауапқа тартылды

105
көрілім
Фотосурет: ШҚО ПД

Тыйым салынған материалдарды полиция қызметкерлері қала тұрғындарының әлеуметтік желілері арқылы анықтаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 
Белгілі болғандай, екі шетелдік өздерінің смартфондарында сот экстремистік деп таныған және ҚР аумағына әкелуге, басып шығаруға және таратуға тыйым салынған діни мазмұндағы кітаптарды сақтап қана қоймай, оларды оқырманы көп әлеуметтік желілерде  бөліскен.
Атаған фактіге сәйкес 28 және 27 жастағы шетел азаматтарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. 
Сот қаулысымен олар аталған құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды. 
Осы тұста полиция қызметкерлері экстремистік материалдарды сақтау және тарату әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады. Экстремистік деп танылған және ҚР аумағына әкелуге, басып шығаруға және таратуға тыйым салынған діни әдебиеттер мен ақпараттық материалдардың тізімімен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің сайтында танысуға болатынын айта кетейік.