Шығыс Қазақстан облысында тәртіп сақшылары елде болу ережесін бұзған шетелдіктерді анықтамақ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша 17-19 наурыз аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы жүргізілуде.
- Мұндағы мақсат – тәртіпті қамтамасыз ету, көшеде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстың алдын алу және жолын кесу. Сондай-ақ шара барысында елде болу ережесін бұзған шетелдіктерді анықтау бойынша жұмыс жүргізіледі, - делінген ведомство мәліметінде.