Қара алтын өңіріміздің түкпір-түкпіріндегі әр ауылға жеткілікті мөлшерде тасымалданған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Бұл жайлы облыс әкімі Даниал Ахметов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде айтты.
– Облыс халқы 100% көмірмен қамтылды. Бұл жерде ешқандай мәселе жоқ. Былтыр Үржар мен Зайсан аудандарында көмір бағасының қымбаттау фактісі орын алған-тұғын. Биылғы жылы мұндайға жол бермеу үшін транзиттік жүйені ретке келтірдік, – деді облыс әкімі.