Бұл туралы ШҚО Аймақтық коммуникациялар орталығында өткен жиында айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыстық Жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Елдос Чикеновтың сөзінше, қазір өңір көлемінде су тасқынының алдын алуда жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
- Биыл қар айрықша қалың жауды. Жағдайды бақылауға алдық. Өңірдегі елді мекендерде су тасқынын болдырмау мақсатында облыстық бюджеттен 255 млн теңге қаржы бөлінді. 364 шақырымды құрайтын арналар мен арықтар қардан тазартылды. Төтенше жағдай орын алса 4000-ға жуық жұмысшы жұмылдыруға әзірміз, - деді Елдос Нұрланұлы.
Нұрбек АСҚАРОВ