Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, биыл өңір аумағында мопед жүргізушілерінің қатысуымен 16 жол апаты, ал электр самокаттарының қатысуымен бір оқиға тіркелген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жыл басынан бері жол ережесін сақтамаған 87 мопед жүргізушісі анықталды. Ал электр самокат жүргізушілері 292 рет тәртіп бұзған. Аталған жол-көлік оқиғасының барлығы Өскемен қаласында болды.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, көп жағдайда жүргізушілер арнайы мотошлемді кимей, жол ережесін бұзады.