Өскеменде өткен жиында мүгедек және егде жастағы тұрғындарға көрсетілер қызмет сапасын жақсартуға басымдық беру жайы сөз етілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жиын қатысушылары әр саладағы жемқорлық тәуекелдерін азайту барысында 1-2 топ мүгедектері мен қарттардың сапалы көмек алуларын басшылыққа алды. Яғни олардың жұмыс барысындағы "ашықтықтары" үнемі бақылауда тұрмақ.
- Қолданысқа енгізіліп бастаған мобильді қосымша қызметшілердің барынша "ашық" болуларын айқындайтын қадам. Айталық осы уақытқа дейін 1152 адамға сегіз түрлі 64204 әлеуметтік көмек көрсетілген. Мобильді қосымша қызмет алушының телефонына жүктеліп, кейін ол адам да бағалауға мүмкіндік алады, - деді жауапты тұлғалар.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі басшысының бірінші орынбасары Жігер Байділдин бастапқыда әралуан кемшіліктер болу ықтималдығын ескерді.
- Айталық, сыбайлас жемқорлықта жылда тек бір бағытта қылмыс түрлері анықталып жатқанымен, оны ашу жолдарының жаңа әдістері қалыптасады. Бұл қосымшаның да алдағы уақытта ыңғайлы әрі оңтайлы болатындығына бек сенімдіміз, - деді Жігер Еркінбекұлы.
Өз кезегінде облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы қазіргі уақытта әлеуметтік көмек көрсетудің шынайылығын анықтауда "Интерактивті плафтформа" қосымшасының баламасы жоқтығын мәлімдеді.