ШҚО-да әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларына мониторинг жүргізілмек

399
көрілім
Фотосурет inbusiness.kz сайтынан

Облыста әлеуметтік маңызға ие азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында арнайы мониторинг жүргізілетін болады. Бұл туралы Өскеменде өткен Nur Otan партиясы облыстық филиалының жанындағы өңірлік даму бойынша қоғамдық кеңестің отырысында айтылды.

Бұған дейін Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХІ съезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев партия мүшелеріне жаңа тапсырмалар жүктеген. Ел Президенті өңірлердегі маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде Nur Otan партиясының қатысуын күшейту қажеттігін ескерткен. Ал әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру мәселесі – сондай проблемалардың бірі.

Nur Otan партиясы облыстық филиалының төрағасы, өңір басшысы Даниал Ахметов партияға әлеуметтік маңызды азық-түлік бағаларын тұрақтандыруды бақылауға алуды тапсырды.

–  Біздің негізгі мақсатымыз – аталған санаттағы азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу, - деп атап өтті Nur Otan партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Олег Чугунков. – Бірінші кезең – мониторинг топтарын құру. Партия өкілдерімен бірге осы мәселеге қызығушылық танытқан басқа да адамдарды тартамыз. Мониторинг апта сайын жүргізіледі, біз баға динамикасын көретін боламыз. Бүгінгі таңда 257 мониторинг тобы құрылды, олар барлық қалалар мен аудандардың сауда нысандарын тексереді.

Естеріңізге салсақ, «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңның 9-бабына сәйкес сауда субъектiлерi тауар бағасын өз бетінше белгілейді Алайда сауда субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары бірнеше өндірушіден немесе көтерме сауда арқылы берушіден болған жағдайда, неғұрлым төмен құны бар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын беру шартында көрсетілген, өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда арқылы берушінің сатып алу бағасының он бес пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілейді.

Үстеме мөлшері 15 пайыздан жоғары болған жағдайда сатып алушы тауар-жіберу құжатын, сөредегі тауар бағасын, сауда нысанының атауын (ЖК/ЖШС) фотосуретке түсіріп, осы ақпаратпен қалалық/аудандық әкімдікке шағымдануларына болады.

Үкіметтің 2010 жылдың 1 наурызында шыққан №145 қаулысына сәйкес, бекітілген әлеуметтік маңызға ие тауарлар тізімі мынадай:

1

Бірінші сортты бидай ұны

2

Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді)

3

Рожки (өлшеніп салынатын)

4

Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын)

5

Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын)

6

Картоп

7

Асханалық сәбіз

8

Басты пияз

9

Ақ қауданды қырыққабат

10

Ақ қант – құмшекер

11

Күнбағыс майы

12

Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі)

13

Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік)

14

Пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада

15

Майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада

16

Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ)

17

Тауық жұмыртқасы (I санатты)

18

Ac тұзы («Экстра» -дан басқа)

19

Сүзбе: майлылығы 5-9%Жүктеу