ШҚО-да елік атқандар ұсталды

308
көрілім
Фотосурет ашық дереккөзден

19 тамызда Самар ауданы бойынша жедел әрекет ету отрядының инспекторлары Мариногорка ауылынан үш шақырым жерде ВАЗ көлігін тоқтатқан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Көлік тізгінінде ауыл тұрғыны мен тағы екі адам болды. 
- Автокөліктен Сібір елігі ұрғашысының еті табылды. Аталған дерек Қылмыстық Кодекстің 337-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді, - деді «Орман және аңшылық шаруашылығының жедел ден қою жасағы» ММ баспасөз қызметіндегілер. 
Сондай-ақ көліктен тіркелмеген 16-калибрлі екі мылтық тәркіленді.