ШҚО-да емханалардың, амбулаториялардың және фельдшерлік пункттердің саны көбеймек

569
көрілім
Шартты фотосурет.

Шығыс Қазақстанда емханалардың, амбулаториялардың және фельдшерлік пункттердің саны көбейе түспек. Республика билігі денсаулық сақтау ұйымдары жүйесін кеңейту мақсатында барлық қалалар мен аудандардағы медициналық мекемелер санын арттыруды ойлауда, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Естеріңізге салсақ, қалалар мен кенттердегі медициналық мекемелер халық санына қарай ашылады.

Енді Денсаулық сақтау министрлігі аталмыш нормаларды қайта қарамақ. Мысалы, қазіргі уақытта аудандық амбулатория халық саны екі мың және одан көп тұрғыны бар елді-мекендерге салынады. Жаңа жоба бойынша бұдан былай амбулатория салуға рұқсат халық саны 1500 адамнан асса да берілмек. Ал 50 мың тұрғыны бар кенттер көпсалалы ауданаралық ауруханаға үміт арта алады. Қазіргі уақытта мұндай аурухана тек тұрғын саны 100 мыңнан асатын елді мекендерде ғана салынады.