ШҚО-да ең төменгі ауа температурасы -47,3 градусқа жетті

169
көрілім

Республика бойынша ең төменгі ауа температурасы Алтай өңірінде тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

"20 ақпанға қараған түні Зырян метеостанциясында ең төменгі ауа температурасы -47,3 градус тіркелді. Бұл - Қазақстандағы бір тәуліктегі ең төменгі температура", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК облыстық филиалы.

 Тұрғындардың жіберген мәлімет бойынша," Алтай өңірі, Глубоковский ауданындағы кей ауылдарда және Риддер қаласының маңында елді мекенде ауа температурасы бұдан да төмен болған. Риддерден он шақырым жерде орналасқан Ливино ауылының тұрғындары қытымыр аязды көрген. Мұнда термометр бағыны -48 градусты көрсетті. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Поперечное аулында таңертең осыдан бір градусқа төмен болған. Бірақ Риддер қаласының шетіндегі Таловка ауданында аяз бұдан да күшті болған.

Пролетарская көшесінде, су қоймасына іргелес және төменгі жағында орналасқан үйдің тұрғындары -51 градусты көрсеткен термометрдің суретке түсіріп, редакцияға жіберген. Айта кетейік, елімізде ең төменгі температура 1931 жылы 8 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының Орел кентінде тіркелген. Сол кезде термометрде 54,2 градус нөлден төмен болған.