Шығыс Қазақстан облыстық Статистика департаментінің мәліметіне сүйенсек, 2019 жылғы II тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды қоспағанда) 157,1 мың теңгені құрады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 13,9%-ға артқан. Өңірлерде ең жоғары жалақы Риддерде – 189,6 мың теңге, Өскемен – 175,2 мың теңге, Курчатов қаласында – 172,5 мың теңге және Аягөз ауданында – 168,5 мың теңге. Ең төмен жалақы – Тарбағатай, Бесқарағай, Күршім аудандарында (облыс бойынша орташа деңгейден 32-34%-ға төмен) қалыптасты. Қалған өңірлердегі оның шамасы 112-161 мың теңге аралығында. Ал ең жоғары жалақы алатын мамандар жайлы айтар болсақ:
– қаржы және сақтандыру компаниялары қызметкерлері – 220,2 мың теңге
– ғылыми және техникалық салада – 214,7 мың теңге
– өнеркәсіпте – 210,3 мың теңге,
– ақпарат және байланыс қызметінде – 192,6 мың теңге