ШҚО-да «Еңбек» бағдарламасы аясында 26 мың адам жұмыспен қамтылды

288
көрілім

Шығыс Қазақстан облысында биыл «Еңбек» бағдарламасы аясында 26 мың адам жұмыспен қамтылды, деп хабарлайды Buqara тілшісі.

Бұл жайлы ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Досхан Қайырғазинов онлайн форматта өткен баспасөз конференциясында мәлім етті.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында биыл өңірде барлық қаржыландыру көздерінен 11,7 млрд теңге бөлінген. Жыл басынан бері бағдарламаға 31 мыңнан астам адам қатысып, 26 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылды. Оның ішінде тұрақты жұмысқа 16 мың адам орналасқан», - деді ол.

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жылдық 6 пайызбен жеңілдетілген несиелендіруге 4 миллиард теңгеден астам қаржы жұмылдырылған. Соның аясында 838 шағын несие берілді. Көпбалалы отбасылар 438 млн теңгеге 160 шағын несие алған. Сондай-ақ «Бастау Бизнес» жобасы аясында екі мыңға жуық адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды.