ШҚО-да еңбек заңнамасын бұзған кәсіпорындарға 27 млн теңге айыппұл салынған

432
көрілім

Шығыс Қазақстан облысында 2018 жылдың басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторларына еңбек заңнамасының сақталмауы жайында 813 арыз келіп түскен, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі. 

Әрбір арызбен жіті танысып шыққан еңбек инспекторлары 316 тексеру өткізіп, 1379 заңбұзушылық анықтады. Соның нәтижесінде, кәсіпорын иелеріне 232 нұсқама беріліп, 27 млн теңге мөлшерінде 192 әкімшілік айыппұл салынған. 

- Жұмысшыларына еңбекақыны уақытында төлемеген мекемелер облыс бойынша аз тіркелген жоқ, - дейді Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бақытбек Қизатов, - Қазіргі уақытта тиісті шаралардың соң, ол жұмысшыларға 361.1 млн теңге еңбекақы берешегі қайтарылды.