ШҚО-да ер адам 25 бұлғынды заңсыз атып алған

158
көрілім

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында 25 бұлғынды атып алған ер адам 2 млн теңге төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Алтай аудандық сотының мәліметіне сүйенсек, ШҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы аңшының үстінен сотқа шағым түсірген. Белгілі болғандай, ер адам құзырлы органнан 8 бұлғын аулауға рұқсат алған. 

Алайда ол рұқсатта көрсетілген шектен асып, 25 бұлғынды атқан. Осының салдарынан мемлекетке келтірілген шығын мөлшері 2 001 080 теңгені құрады.

«Сот мемлекетке келтірілген материалдық залалды өтеу туралы талапты заңды деп тауып, қанағаттандырылуы тиіс деген қорытындыға келді. Сот шешімімен азамат шығынды толықтай өтеуге міндеттелді», - делінген ақпаратта.

Ер адам бұл шешіммен келіспей апелляциялық шағым түсірген. Десе де апелляциялық сот үкімді еш өзгеріссіз қалдырды.