Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 280 мың теңгені құрады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шаралары барысында 29 жастағы өскемендік азаматты қамауға алды. Ол саяжай аумағына кіріп, 32 қап тауық жемін ұрлап кеткен.
Полицейлердің айтуынша, күдікті кінәсін толық мойындады. Тергеу амалдары жүргізілуде.