Қыркүйек айының 16-сі сағат 18:08 шамасында «Алматы – Өскемен» тасжолының 25 шақырымында бес қап шаян тәрікеленген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Берілген мәліметке сәйкес құрамында Ерзат Нұрдыбаев, Айдын Советханов және Әсет Қизатов сынды ШҚО ПД патрульдік полиция батальоны өкілдері ПА 433 экипажымен басқаруымен «Mitsubishi» автокөлігі тоқтатқан. Иесі 45 жастағы ер адам. Оның салонында жалпы салмағы 66 кг құрайтын табылған бес қап шаян тәркіленді.
- Келтірілген залал көлемі 230 мың теңгеден асты. Жүргізуші тасымалдап бара жатқан жүкке тиісті құжаттар жоқтығын айтып, шаянды Ұлан ауданының Шыбындыкөл көлінен аулағанын түсіндірді, - дейді ШҚО Полиция департаментіндегілер.
Жиналған материалдар жауапкершілікке тарту үшін «Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясына» жолданды.