Полиция қызметкерлері есірткі сақтаған 32 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сараптама қорытындысына сай, күдіктіден салмағы 36 граммнан асатын тыйым салынған заттар тәркіленді. Оның ішінде, 23 граммға жуығы «а-PVP» есірткісі және 13 граммы осы заттың аналогы болып шықты.
Есірткі құралдары мен психотроптық заттарды заңсыз дайындау, алу, сақтау, тасымалдау фактісі бойынша ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазіргі уақытта сот санкциясымен күдікті қамауға алынды.
Қымбат МУХАМАДИЕВА