Семей қаласында 5 күннің ішінде екі адам суға кеткен. Тағы бір адамның денесі 21 маусымнан бері әлі табылмады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
– 21 маусым күні «Шығыс» саяжай ауданында 48 жастағы ер адам суға тұншыққан. Мас күйде жағажайда жүрген демалушы абайсызда суға құлап кеткен, – деп хабарлады Семей қалалық ТЖБ баспасөз қызметі.
Суда жоғалған жігіттің денесі әлі табылмаған.
25 маусым күні дәл осындай екінші оқиға тіркелген. Семейлік тұрғынның айтуынша, қалалық су қоймасында тағы бір адам суға батты. Төтенше жағдайлар қызметкерлері оқиға орнына таңғы 8.00-де жеткенмен тек 13.00-де 40 жастағы еркектің мәйітін тапқан.
ТЖБ мәліметінше, мамыр және маусым айларында үш адам суға кеткен. 31 мамырда 15 жастағы жасөспірім суға шомылу кезінде көз жұмды.