ШҚО-да ер адам тапанша мен мылтық жасаған

604
көрілім

Қыркүйек айының 13-і күні облыс полицейлері атыс қаруын заңсыз сақтады деген күдікпен өңір тұрғының үйінде тінту жүргізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Нәтижесінде, 56 жастағы ер адамның тұрғылықты жері мен омартасынан 100-ден астам оқ-дәрі мен 6 түрлі қару тәркіленді.

Олардың қатарында 5,6 мм калибрлі патрондармен атуға арналған қолдан жасалған тапанша, 5,6 мм калибрлі қолдан жасалған мылтық, сәйкесінше 28 және 12 мм калибрлі ТОЗ-34 маркалы екі тіркелмеген мылтық, сондай-ақ қарудың әртүрлі компоненттері бар.

Ұсталған адамның айтуынша, тәркіленген қарудың бір бөлігін үйде қолдан жасаған.

- Күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Оның іс-әрекеттері ҚР ҚК-нің 287 және 288-баптары (қаруды заңсыз сақтау және дайындау) бойынша сараланып, соған сәйкес 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, - деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.